18 қараша 2024
/ Sport
7 жасар Амир Айдарханов әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді
Талдықорған қаласының 2 сынып оқушысы Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өткен әлем чемпионатынан алтын алды. Жекпе-жектің джиу-джитсу түрінен жарысқа қатысқан жетісулық 9 спортшының 8-і елге жүлдемен оралды. Қарашаның 3-9 аралығында Араб әмірлігінде өткен Abu Dhabi WORLD JIU-JITSU CHAMPIONSHIP 2024 турниріне Жетісудан 9 жас спортшы барған. Жүлде алғандардың арасында ең кішісі – Амир Айдарханов.