9 қараша 2024
/ Новости Казахстана
Тікұшақ апатының алдын ала себебі айтылды
Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында тікұшақ апатына қатысты ресми хабарлама жасады. 9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.