19 қараша 2024
/ Новости Казахстана
Сербия президенті Алматының әйгілі апортын сыйға алды
Сербия Президенті Александр Вучич Белградқа ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты ықыласпен күтіп алғанын жазды. Сербия Президенті әлеуметтік желілердегі парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады. Сондай-ақ Сербияның достас елдерге құшағы әрдайым ашық әрі бүгінгі кеш соның тағы бір дәлелі екенін атап өтті.