16 шілде 2024
/ Мир
Трампқа жасалған қастандық АҚШ сайлауына қалай әсер етеді?
Неміс сарапшылары мен БАҚ Трампқа жасалған қастандық АҚШ сайлауына қалай әсер етеді деп талқылады. Егер Дональд Трамп қарашадағы сайлауда жеңіске жетсе, оның қаны тамып, жұдырығын көтеріп тыңдармандарын «күресіңдер, төбелесіңдер» деп үгіттеген сәті «ақырында президент болып сайланған сәті болады». Бұл пікірді Германияның Tagesschau ақпараттық бағдарламасына берген сұхбатында сайлауалды науқан бойынша маман Юлиус ван де Лаар айтты. «Бір нәрсе анық: Республикалық партия Трампты жоққа шығармайды», - дейді Der Spiegel шолушысы Рене Пфистер.