5 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Араб үйлестіру тобы Қазақстанда $7 млрд-қа жобалар қаржыландыруды қарастыруда
Астанада Ислам даму банкі, Сауд Арабиясының даму қоры, ОПЕК халықаралық даму қоры, Кувейт экономикалық даму қоры және Абу-Даби даму қоры сынды институттарды біріктіретін Араб үйлестіру тобының (АҮТ) отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Ислам даму банкі тобының президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассер, Араб инвестициялық қорлары мен еліміздің мемлекеттік органдары әрі квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысты.