30 маусым 2024
/ Новости Казахстана
Түркістан облысында ыстықтан асфальттағы бетон плиталар көтеріліп кетті
Түркістан бағытында 45 градус ыстықтан республикалық маңызы бар М-32 «РФ (Самара) - Шымкент» автожолының 2155 шақырымында цемент-бетон плиталар көтеріліп кетті.«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Қанат Жолтаевтың айтуынша, жолдың бұзылған бөлігіндегі ақауларды жою және көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстарына 4 техника мен 10 адам жұмылдырылды.