Новости: АШМ

АШМ - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【АШМ】 жаңалықтар Arbat media
Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институты құрылды
20 қараша 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру институты құрылды

Астана қаласында өткен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында Мемлекет басшысы Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды. Президент тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС құрылды. Мекеме «Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы» құрамында. 

Күзде елімізден 1,8 млн тонна егін экспортқа жөнелтілді
3 қараша 2024 / Новости Казахстана

Күзде елімізден 1,8 млн тонна егін экспортқа жөнелтілді

Жаңа егіннің 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның мәліметтері бойынша, қыркүйек-қазан айларында жаңа егіннің тасымалы 2,2 млн тоннадан асты, оның 1,8 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға жоғары». 

Еліміздегі 167 ветеринария зертханалары мен пункт жөндеуді қажет етеді
2 қараша 2024 / Новости Казахстана

Еліміздегі 167 ветеринария зертханалары мен пункт жөндеуді қажет етеді

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған тұрақты және барлық жерде дамыған ветеринария жүйесін құру тәсілдері іс жүзінде соңғы жылдары басталған ветеринария жүйесін реформалаудың жалғасы саналады. Екі негізгі құрамдас бөлікке негізделген – БАБЖ және АЖС цифрлық жүйелері арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын толық сәйкестендіру және жергілікті жерлердегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты бақылау. 

Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды
30 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Өңірлерде дәнді дақылдардың 75%-ы жиналды

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта жиын-терімді үздіксіз жүргізу үшін фермерлерді барлық қажетті құралдармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Ауа райының қолайлы болуының арқасында 27 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі астық егетін өңірлерде Қазақстанда 13 млн га жуық алқап немесе 75%-ы жиналды. Егін жинау науқанын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Алда майлы дақылдар жиналады. 

АШМ малдың жаппай қырылуын тексеруге кірісті
27 шілде 2024 / Новости Казахстана

АШМ малдың жаппай қырылуын тексеруге кірісті

Ауыл шаруашылығы министрлігі малдың жаппай қырылуын тексеруге кірісті. Айдарбек Сапаров басқаратын бөлім 5 тамызға дейін зерттеу нәтижесі дайын болуы керек деді. ҚР Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық департаменті әлеуметтік желіде малдың жаппай ауруға шалдығуы мен қырылуы туралы жарияланған ақпаратқа байланысты тексеруді бастады.