14 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Шымкенттік емшіге бала берген сәбилер үйінің директоры қызметте өсті
Шымкенттік емші қамқорлық емес, қорлық көрсеткен алты баланың екеуін Өскеменнен асырап алған. Бұл туралы сол балалардың бірінің әжесі айтып берген. Олардың Шымкентке қалай кеткенін білу үшін сәбилер үйінің директорынан ақпарат алу мүмкін болмады. Өскеменде тұратын 65 жастағы Наталья Устинова жиен немересінің сәбилер үйіне қалай түскенін айтып берген. Сөз арасында ол шымкенттік емшінің Александр есімді тағы бір баланы асырап алғанын жеткізген еді, яғни екі бала бір жерден аттанған.