Сегодня, 15:00
/ Новости Казахстана
Ата-енесінің атынан несие алған әйел сотталды
Қызылордадалық әйел ата-енесінің атынан алаяқтық жолмен несие алған. Қызылорданың №2 сотында ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 1),4)-тармақтарымен сотталушы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы Е. ұялы телефонындағы мобильді қосымшасы арқылы қайын атасы мен енесінің ақпараттық жүйеден бейхабар екенін пайдаланып, бейнекамераға түсіру арқылы есепшоттарына заңсыз кіріп, ұялы телефонындағы Halyk bank мобильді қосымшасы арқылы қайын атасы Ж.-ның атынан 4 626 167 теңге, енесі К.-нің атынан Kaspi. kz мобильді қосымшасы арқылы заңсыз кіріп, 2 190 000 теңге мүліктік несиелер рәсімдеп, оны ақшаға айналдырып өз пайдасына жаратқан.