16 шілде 2024
/ Евразия
Қазақстан мен Өзбекстан арасында жол қысқартатын жаңа әуе бағыты ашылды
Әуе қатынасын оңтайландыру мақсатында 11 шілдеден бастап Өзбекстан мен Қазақстан арасында рейс орындайтын ұшақтар үшін «Т-916» деп аталатын жаңа навигациялық бағыт ашылды. «Өзаэронавигация» орталығының мәліметіне сай, жаңа маршрут ашылған күні ол арқылы алғаш болып немістің «Lufthansa» әуекомпаниясының ұшағы рейс орындады.