14 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады
Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына түзетулер енгізілді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды. Биылғы қаңтар айында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту шараларын қабылдауды тапсырған болатын.