Новости: Ауыл аманаты

Ауыл аманаты - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Ауыл аманаты】 жаңалықтар Arbat media
«Ауыл аманаты»: 100 млрд теңге толық бөлінуі тиіс
17 қазан 2024 / Новости Казахстана

«Ауыл аманаты»: 100 млрд теңге толық бөлінуі тиіс

«Ауыл аманаты» жобасы аясында биыл ауылдарға 100 млрд теңге бөліну жоспарланған болатын. Алайда жыл соңына таяса да ол қаражат бөлінбей, Үкімет өңірлерге тек 7 млрд теңге ғана жіберген. Мұны қалай түсінуге болады?». Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновке осындай сауал жолдады. Мәжіліс депутаты нарықтың қыспағымен ауылдан құт қашқанын, ауылдағы ағайынның орташа жалақысы қала тұрғындарының жалақысына қарағанда 30%-дан төмендігін, белең алған қымбатшылық пен жұмыссыздықтың да салдарын көбірек тартып отырған осы ауыл жұртшылығы екенін алға тартып, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындары үшін үлкен қолдау екенін алға тартты. 

«Ауыл аманаты»: Атырау облысында 192 жобаға қаржы берілген
19 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Ауыл аманаты»: Атырау облысында 192 жобаға қаржы берілген

Былтыр Атырау облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылардың 192 жобасына қаржы берілген. Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың мәліметіне сүйенсек, биыл қосалқы шаруашылықты дамыту үшін 83 жобаны қаржыландыру жоспарланған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдетілген несие беріледі.