30 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
БҰҰ баяндамасы: бір жылда аштыққа шалдыққандар саны екі есеге артты
Азық-түлік жетіспеушілігі жағдайында өмір сүріп жатқан жандар саны кейінгі жылы екі есеге артты. Бұл туралы Нью-Йоркте Азық-түлік дағарысына байланысты жаһандық баяндамада айтылды. Аталған құжатты дайындауға БҰҰ-ның бірнеше ведомствосының өкілдері атсалысқан, БҰҰ ашаршылықтың деңгейін өлшейтін күрделі шкала енгізді. Ең соңғы, яғни бесінші саты адамдардың мүлдем жейтін тамағы жоқ екенін, соның салдарынан олар ауруға шалдығып, өліп жатқанын көрсетеді.