байқау

байқау - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【байқау】 жаңалықтар Arbat media
Вчера, 11:34 / Новости Казахстана

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды. Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады. 

17 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Еліміздің сұлу әйелі анықталды — Мәдина Әбдіғаппарова

Еліміздің ең сұлу әйелі анықталды. Алматыда осымен үшінші рет ұйымдастырылған «Mrs. Globe Kazakhstan-2024» сайысына 500-ден астам үміткер өтініш білдірген. Оның ішінен 18 қатысушы іріктеліп финалға жолдама алды. 25-65 жас аралығындағы әйелдер сәнді киім үлгісін көрсетіп, өнерін паш етті. Жоба үйдің де, түздің де жұмысын қатар алып, жетістікке жеткен әйелдерге арналған. 

12 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды

Білім күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.  Конкурс үш кезеңнен тұрады: 1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз). 2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек); 3 кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан). 

21 шілде 2024 / Новости Казахстана

Ақмолада ірі қара мал тұқымдары байқауының жеңімпазы анықталды

Қазақстанда етті ірі қара мал тұқымдары арасында Ұлттық конкурстың жеңімпазы анықталды және оған жарыстың бас жүлдесі – жаңа трактор тарту етілді. Малшылар арасындағы конкурс «Jańa Dala / Green Day ‘2024» Дала күні аясында өтті. Халықаралық қазылар алқасының шешімімен «Jańa Dala / Green Day ‘2024» «Ең күшті бұқа» номинациясында Qazaq Аqbas қазақтың ақбас тұқымының республикалық тұқымын көпшілікке ұсынған Абай облысындағы «Дәурен» шаруа қожалығының Шомбал атты бұқасы жүлде иегері болды. Шомбалдың салмағы 598 кг, туған кездегі салмағы 26 кг болған. 

19 наурыз 2024 / Евразия

Түркіменстанда ең сүйкімді оқушы қыз таңдалды

Түркіменстанда ең сүйкімді оқушы қыз таңдалды. Жарысқа Ашхабад және велаяттардағы орта мектептердің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Ашхабадта еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 2-4 сынып оқушылары арасында өткен «Ең сүйкімді қыз – 2024» байқауының қорытындысы шығарылды.