Новости: Бала өлімі

Бала өлімі - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Бала өлімі】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
19 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Ата-анасы бір жастағы баласының өліміне ақтаулық дәрігерлерді кінәлады

Кішкентай Абдулла 2024 жылы 11 мамырда Ақтау қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында қайтыс болған. Баланың ата-анасы бүлдіршіннің дәрігерлердің салғырттығынан қайтыс болғанын алға тартады. Бір жасар Абдулла Өтегеннің қызуы күнде көтерілетін болған. Баланың әкесі Ермек Нұрбаевтың айтуынша, оларды алдымен учаскелік педиатр қараған, бірақ дене қызуы түспей, балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілген. 

arbat media
14 шілде 2024 / Новости Казахстана

4 жасар бала өлімі: Атырауда балабақша директоры мен тәрбиеші үйқамақта отыр

Атырауда 4 жасар бала балабақшаның кәріз құдығына құлап, мерт болған еді. Осы іске байланысты балабақшаның директоры мен тәрбиешісі үйқамаққа алынды. Оқиға 10 шілдеде Атырау қаласының маңындағы Құрсай ауылында болған.