6 маусым 2024
/ Новости Казахстана
Банк қызметкері ҰҚК арнайы операциясын бүлдірген
Елордада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау фактісі бойынша банк қызметкеріне қатысты іс қаралды (Қылмыстық кодекстің 407-бабының 3-бөлігі). Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарлауынша, Б. өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде, сотқа дейінгі тергеуден түскен сауалда танысы туралы мәліметті көрген. Кейін ол танысы К.-ге қоңырау шалып, қылмыстық іс бойынша оның туысына қатысты келіп түскен мәліметтен хабардар еткен.