29 тамыз 2024
/ Евразия
Тәжікстан бақсылық пен көріпкелдікпен күресудің жаңа әдісін енгізді
Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі бақсылық пен көріпкелдікпен күресудің жаңа әдісін енгізді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен әңгімелесуге сиқыршылар мен көріпкелдердің клиенттері шақырылып, хаттамалар жасалады. Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі республикада бақсылық пен көріпкелдікке қарсы күрестің жаңа тәсілі енгізілгенін хабарлады. Ведомстводағылар енді сиқыршылар мен көріпкелдердің қызметіне жүгінген азаматтардың барлығына хаттама жасалатынын баса айтты,.