Бәсіре

Бәсіре - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Бәсіре】 жаңалықтар Arbat media
15 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Бәсіренің мәні неде?

Ол кезде бәсіренің не екенін білген жоқпыз. Ат жалын тарта бас­тағанымда атам маған тай атағаны есімде. Атқа енді-енді оты­рып үйренген кезім, үлкен­дер ересектеу бір балаға үйреттіріп, құнан ке­зінде біраз қызығына батқанбыз. 90-жыл­дар­дың басында ауыл ішінде тай, құ­нан жарыстары көп өтетін. Үлкен­дер қара жарыс дейтін. Жан-жақтан таңдаулы тай-құнандар келмеген соң, бәйге деуді ар санап, қара жарыс атаса керек. Мәселен, басқа бір жерде жариялы бәйге өтетін болса, ауылда ат жарататындар (баптайтындар) күні бұрын өз араларын­да қара жарыс ұйымдастырып, сәйгүліктерінің әуселесін бір байқап алады. Ел ішіне ше­телдің ұзын аяқ, «таза қанды» тұлпар-сымақтары келмеген, бәйге атаулы бүгінгідей бизнеске айналмаған, жануарлар «дозировка», допингсіз жүгіретін уақыттың соңы еді.