19 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
«Алматы Су» бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысында басқарма басшысы ұсталды
Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті ауыр қылмыс жасады деген күдікпен «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасарын ұстады. Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.