24 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Маңғыстауда мұнай компанияларының басшылары ұсталды
Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп мұнай-газ саласының жекелеген кәсіпорындарының қызметінде тексеру жүргізуде, дейді өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі. «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтегені анықталды. Бұдан басқа, мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған.