29 тамыз 2024
/ Мир
Батыс Ніл безгегінен адам өлімі тіркелді
Испанияның Севилья қаласында Батыс Ніл безгегінен екі өлім тіркелді. Осымен биылғы жазда бұл вирустан құрбан болғандардың жалпы саны беске жетті. Бұған дейін жергілікті билік вирус жұқтырған он оқиғаны анықтаған. Вирусты тасымалдаушы масалар Гвадалкивир өзенінің бойындағы бірнеше аумақта кездеседі. Барлық дәріханаларда «Масалардың өмірін жеңілдетпе!» деген ұрандар мен инфекцияның алдын алу туралы кеңестер ілінген.