7 қазан 2024
/ Мир
БҰҰ Бас хатшысы Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға шақырды
БҰҰ Бас хатшысы ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылының бір жылдығы қарсаңында Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға шақырды. «Бұл күні әлемдік қоғамдастық ХАМАС-тың жиіркенішті әрекеттерін, соның ішінде адамдарды кепілге алуды (Израильде - ред.) қатаң түрде айыптауы керек», - деді Антониу Гутерриш 6 қазанда видео үндеуінде. Ол палестиналық радикалды топты Қызыл Крест қызметкерлеріне кепілге алынғандарға баруға рұқсат беруге шақырды.