Сегодня, 15:00
/ Новости Казахстана
Рудныйда Бейімбет Майлиннің құрметіне мурал пайда болды
Белгілі жазушының портреті Рудныйдағы тұрғын үйлердің біріне сән беріп тұр. Қабырға суреті 15 қарашада мерейтойы аталып өтетін қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушы Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған. Бастамашы өткен жылы тұрғын үйді қайта қалпына келтірген мердігер құрылыс компаниясы болды. Мурал алматылық өнерпаздар Қабөке Оралбек пен Аят Өркеннің қолынан шықты.