25 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Қызылордалық 85 жастағы қария 34 жылда 2 миллион тал еккен
Қызылорда қаласында тұратын 85 жасқа толған қария Бектай Сүлейменов 34 жылдан бері облыс орталығында тал өсірумен айналысады. Қазір ол кісі 8 гектар алқапты баққа айналдырып, 2 миллионға жуық тал егіп үлгерген. Ол кісі 1965 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері туған топырақта ағаш егу ісін жандандырып келеді. 1991 жылы «Бағбан» шаруа қожалығын құрып, жасыл желекті жайқалтуға белсене кірістіҚала сыртында орналасқан баққа бара қалсаңыз, байырғы бағбанның бейнеткеш тірлігіне көз жеткізуге болады. Соның айғағы ретінде жайқала өскен жасыл желек көңіліңді көтере түседі.