25 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Ең белсенді кәсіпкерлер Астана мен Алматыда тұрады
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 028,7 мың белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі (ШОК) тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,7% артық. ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 4 267 мың адам болса, 2024 жылдың алты айында ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 34 266,8 млрд теңгеге жетті.