Новости: Болашақ

Болашақ - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Болашақ】 жаңалықтар Arbat media
arbat media
3 қараша 2024 / Новости Казахстана

Дарынды оқушылар «Болашақпен» шетелде оқытылуы мүмкін

«Болашақ» бағдарламасының үміткерлерін іріктеу талаптары өзгеруі мүмкін. «Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін халықаралық, республикалық орындаушылар конкурстарының жеңімпаздарына жекелеген квота бекіту ұсынылады», - делінген қаулы жобасының түсініктемесінде. 

arbat media
22 қазан 2024 / Новости Казахстана

«Болашақ» бағдарламасына қатысушыларға алаяқтар туралы ескерту жасалды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» стипендиаттар, «Болашақ» бағдарламасының және ғылыми тағылымдама түлектеріне ескерту жасады. Орталық соңғы уақытта алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтіп, абай болуды сұрады. 

arbat media
23 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Болашақ» стипендиаттарына қанша қаражат жұмсалады

Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарын оқытуға бөлінген бюджет қаражатының сомасын атады. Орталық мәліметіне қарағанда, оқыту құны білім бағдарламасына, баратын елге және таңдалған мамандыққа байланысты өзгеріп тұрады. Сонымен қатар, қаржыны есептеу кезінде университеттің рейтингі, оның орналасқан жері, бағдарламаның ұзақтығы да маңызды рөл атқарады. 

arbat media
15 тамыз 2024 / Sport

Ермахан Ибраимов: Қазақстан боксын алда не күтіп тұр?

1996 жылы Атлантада өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимов бокстан Қазақстан құрамасының Париждегі өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді. Ермахан Ибраимов XXXIII жазғы Олимпиада ойындарындағы Өзбекстан бокс құрамасы жеткен толайым табыс Қазақстан тарихында да болғанын атап өтті. Ол мұндай жетістіктер мен тоқырау спортшылар сабақтастығында қалыптасатын құбылыс екенін қаперге салды.

arbat media
23 шілде 2024 / Новости Казахстана

«Болашақ» бағдарламасы: Құжат қабылдау жалғасып жатыр

Сәуір айының соңынан бері «Болашақ» бағдарламасы бойынша 1960 өтініш келіп түскен. «Құжаттар 25 қазанға дейін үздіксіз қабылданады. Құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылып жатыр. 

arbat media
20 маусым 2024 / Новости Казахстана

«Болашақ» түлегіне қатысты мәселе шешімін тапты

Отандасымыз Валерия Гавриленко «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияға оқуға кетіп, содан қайтпай қалған. Ол кепілге қойған мүлкін шығарып алғаннан кейін Халықаралық бағдарламалар орталығы оқудың ақшасын, нақты айтқанда 30 млн теңге мемлекет қаржысын гарант болған үшінші тарап, яғни кепілгерлерден талап еткен.