4 қараша 2024
/ Новости Казахстана
Екібастұзда жылына миллион тонна болат өндіретін зауыт салынады
«Railways Systems KZ» компаниясы Екібастұзда жаңа буынды электрометаллургиялық зауыт салуға ниетті. Құрылысы 208 млрд теңгеге бағаланатын кәсіпорын ашылса, жаңадан 1000 жұмыс орны пайда болады. Кеншілер қаласының индустриялық аймағында жылына 1 млн тонна жоғары технологиялық болат өндіретін жаңа зауыт салынады деп күтіліп отыр. «Railways Systems KZ» компаниясы бұл жобаға 208 млрд теңге қаражат құймақ ниетте.