16 наурыз 2024
/ Новости Казахстана
ШҚО: Үйі өртенгенде әкімдікке келіп боқтаған адам 15 күнге қамалды
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында үйі өртеніп жатқанда әкімдікке келіп қызметкерлерді боқтай жөнелген адам 15 күнге қамалды.Шемонаиха аудандық сотында қаралған іс материалдарынан белгілі болғандай, ауыл тұрғынының үйінде өрт шыққан. Отпен әуелі өзі күрескен ол өшіре алмай қалып, ауылдық округ әкімдігіне жүгіріп келген.