22 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
СҚО: Әйел гаражда босанып, баласын қалдырып кеткен
Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда әйел гаражда босанып, баласын қалдырып кеткен. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 жастағы әйел жасырын босанып, қан кеткеннен кейін Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталық ауруханасына көрінуге мәжбүр болған. Тексеру барысында оның гаражда бала туғаны мәлім болды.