Новости: брифинг

брифинг - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【брифинг】 жаңалықтар Arbat media
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Сегодня, 4:11 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында бірлескен мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы қазақ пен мажар тереңнен тамыр тартатын туыс халықтар екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, әйгілі Дунай мен көне Алтайдың арасы алшақ болса да, тағдырлас екі мемлекеттің тілегі – ортақ, арманы – бір. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді
29 қазан 2024 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

Қазақстан және Моңғолия президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері алдында бірлескен мәлімдеме жасады. Президент, ең алдымен, Ұлан-Батырға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Ухнаагийн Хурэлсухқа шынайы ризашылығын білдіріп, бұл сапардың мән-маңызы ерекше екенін жеткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Талғардағы қылмыс: Ұсталғандардың арасында бұрын сотталғандар да бар
16 қазан 2024 / Новости Казахстана

Талғардағы қылмыс: Ұсталғандардың арасында бұрын сотталғандар да бар

Брифинг барысында қылмыс болған күні дүкен маңындағы камералардың толық бейнежазбасы көрсетіліп, оқиға сәттерін мамандар түсіндірді. Бауыржан Әленов желіде тарап жатқан камера жазбалары өшірілген деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

«Шерзаттың өлімі». Құзырлы органдар көкейтесті сұрақтарға ашық жауап берді
16 қазан 2024 / Новости Казахстана

«Шерзаттың өлімі». Құзырлы органдар көкейтесті сұрақтарға ашық жауап берді

16 жастағы жігіттің өлімімен аяқталған Талғардағы төбелеске қатысты тағы үш күдікті ұсталды. Осылайша қазір аталмыш қылмыспен қамауға алынғандар 10 адам болды. Бүгін құзырлы органдар сол күнгі дүкендегі бейнежазбаны тілшілерге көрсетіп, ақысы төленбеген сырадан жанжал шықты дегенді теріске шығарып отыр. Сатып алушы мен марқұм Шерзаттың арасында кикілжің неден туындағанын сотта естуіміз мүмкін. Өйткені прокурор соттың ашық өтуін талап ететінін айтты. Ал оқиға орнында қыздар не істеп жүрген және»Хуторлық Хасан» дегеннің іске қандай қатысы бар? Жұрт көкейінде жүрген сан-сауалға полиция арнайы брифингте жауап берді.