9 қараша 2024
/ Евразия
Өзбекстан: Циркте жабайы жануарларды пайдалануға тыйым салынады
Өзбекстанның Министрлер кабинеті келер жылдың 1 қаңтарынан бастап үйде ұстауға және цирк қойылымдары үшін пайдалануға тыйым салынатын жабайы жануарлардың тізімін бекітті. Құжатқа сай, тізімге өрмекші, жылан, акула және тасбақалардың кейбір түрлері енген. Бұл ретте жолбарыс, арыстан, түлкі, қасқыр, шимпанзелердің барлық түрін үйде ұстауға және циркте пайдалануға тыйым салынады.