24 шілде 2024
/ Евразия
Қырғызстан энергетикалық дағдарыстан шығудың жолын табуда
Қырғызстан мемлекеті басшысы жаңа энергетикалық нысандарды іске қосу республиканың энергетика саласындағы проблемаларды шешуге көмектесетінін атап өтті. Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров Жалал-Абад облысына жұмыс сапары аясында «Қайнама» шағын су электр станциясының ашылуына барды. Ол жаңа электр станцияларының пайда болуы республиканың энергетика саласына оң әсерін тигізіп жатқанын атап өтті.