2 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Бір жылда әсіресе коммуналдық қызмет, дәрі-дәрмек бағасы қатты өзгерген
2024 жылғы тамызда айлық инфляция деңгейі баяулап, 0,6% болды (шілдеде — 0,7%). Ақылы қызметтердің бағасы — 1,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі — 0,8% өсті. Азық-түлік тауарларының баға индексі — 100%. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында су бұру тарифі — 1,6%, суық суға — 0,9% өсті. Қалалық автобуспен жол жүру — 9,3%, такси 1,8% қымбаттады. Бағаның өсуі тұрғын үйді жалға беруде байқалды — 1,4%.