26 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Ақмолалық жігіт Эльбрус шыңында «Адай» күйін ойнады
Ақмола облысының тумасы, бүгінде Астана қаласында еңбек етіп жүрген 26 жастағы Әлібек Қайырбек Эльбрус шыңына шығып, Құрманғазының «Адай» күйін орындады. Жігіттің әкесі Амангелді Қайырбековтің айтуынша, Әлібек — алты баланың үлкені, жасы 26-да.