15 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Елдегі ахуал: 4 мың үй, 2 мың саяжай су астында қалды
Су тасқыны басталғалы 107 465 адам, оның ішінде 38 627 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. 11 786 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 598 адам, оның ішінде 3 288 бала орналасқан. Қазір Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 870 жеке тұрғын үй, 1517 аула аумағы және 2 035 саяжай үйлері су астында қалған. «Жедел желі» телефондарына 1 667 қоңырау келіп түсті, 123 шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Еліміздің 8 өңірінде: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ режимі күшінде.