Новости: Елдос Сметов

Елдос Сметов - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Елдос Сметов】 жаңалықтар Arbat media
«Біздің ел дамымай қоя тұрсыншы»: Шетелде 4 ай тұрып келген Елдос Сметов алған әсерін айтты
23 қаңтар 2026 / Новости Казахстана

«Біздің ел дамымай қоя тұрсыншы»: Шетелде 4 ай тұрып келген Елдос Сметов алған әсерін айтты

Англияның Лондон қаласында 4 ай тұрып келген Елдос Сметов дамыған елдің ерекшелігі туралы айтты. Ол «Бірге бір» бағдарламасына берген сұхбатында Англияға тіл үйрену мақсатында барғанын айтқан, деп хабарлайды Arbat.Media Sn.kz ақпарат порталына сілтеп.

arbat media
24 қазан 2024 / Новости Казахстана

Елдос Сметовтің бапкері қанша жалақы алады

Қыркүйек айынан бастап Елдос Сметовті жаттықтыратын бапкердің жалақысы өсті, ол келесі Олимпиадаға дейін айына 4 миллион теңгеден артық алады. Мұндай шешім Жамбыл облыстық мәслихатының осы аптада өткен сессиясында қабылданды. 

arbat media
28 тамыз 2024 / Sport

Елдос Сметов: Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындаламын

2024 жылғы Париж Олимпиадасында дзюдодан чемпион атанған Елдос Сметов енді төрт жылдан кейін Лос-Анжелесте өтетін дүбірлі додаға дайындалатынын айтты. «Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - дейді Елдос Сметов. 

arbat media
29 шілде 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбелік кәсіпкер Елдос Сметовті құттықтап, 100 жылқы атады

Ақтөбелік кәсіпкер Ануар Маханов дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке телефон шалып құттықтап, ауылға шақырды. Ол чемпионға 100 жылқы атады. Ақтөбелік кәсіпкер Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиаданы отбасы болып тамашалап, Елдос Сметовке жанкүйерлік етті. Бұған дейін қола, күміс медаль таққан дзюдошының бұл жолы чемпион атанатынына сенді. 

arbat media
27 шілде 2024 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті құттықтады. – Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі! – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында. 

arbat media
27 шілде 2024 / Sport

Елдос Сметов — Париж Олимпиадасының чемпионы

Дзюдодан Қазақстан командасының белді мүшесі Елдос Сметов Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. Отандасымыз осылайша ел қоржынына алғашқы алтын медальді сыйлады. Қазақ балуаны Париждегі ойындардың финалында Лука Мхеидземен (Франция) күресіп, қарсыласынан басым түсті. Елдос Сметов олимп шыңын бағындырып, есімін қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазды.