2 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаяды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу мақсатында өңірлердің ағымдағы қажеттілігіне сәйкес «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» ведомство басшысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізеді.