30 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Бектенов: Біздегі жолдардың көбі ескі стандартпен салынған
Премьер-министр Олжас Бектенов жол құрылыстарының ұзаққа созылуы адам өліміне себепкер болып жатқанын айтты. «Автожолдардың көпшілігі ескі стандарттар бойынша салынған. Сондықтан кейінгі жылдары жаңа магистральдардың құрылысы қолға алынды. Алайда, кейбір жолдардың құрылысы мен жөнделуі тым ұзаққа созылып кетті. Оның үстіне, салынып жатқан учаскелерде жол белгілері мен ақпарат қалқандары, уақытша жол таңбалары жоқ немесе ескерту белгілері дұрыс орнатылмай, жүргізуші оларды байқамай қалады. Мұның соңы жол апаттарына алып келеді», - деді премьер-министр.