9 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Емханаларда жалған құжат толтырылмас үшін face-id жүйесі енгізіледі
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметті бұрамалаудың (жалған құжат толтыру) алдын алу бойынша қабылданып жатқан жаңа шаралар туралы баяндады. Жалған құжаттармен күрестегі негізгі құрал – науқастарға медициналық қызметтерді көрсету фактісін растайтын Face-ID енгізуді қоса алғанда басқа да цифрлық технологиялар болмақ. Министрлік Астанадағы бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша республикалық емхана базасында пилоттық жобаны іске қосты.