20 наурыз 2024
/ Мир
Фредди Меркьюридің Лондондағы үйі сатылымға шықты
Аты аңызға айналған музыкант Фредди Меркьюридің үйі Garden Lodge елу жылға жуық уақыт ішінде алғаш рет сатылымға қойылды. Осы уақыт ішінде үйдің құны шамамен 60 есе өсті. Фредди Меркьюри өмірінің соңғы он жылын өткізген Лондондағы зәулім үйі 45 жылға жуық уақыттан бері алғаш рет сатылымға шықты. 1907 жылы салынған үйдің шаршы метрі мен схемасы туралы мәліметтер «құпиялылық мақсатында» көпшілікке жарияланбады. Дәл сол себепті оның сатылатыны туралы хабарландыру да интернетте жарияланбады.