Ғалия Тынбаева

Ғалия Тынбаева - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Ғалия Тынбаева】 жаңалықтар Arbat media
20 сәуір 2024 / Sport

Дзюдо: Ғалия Тынбаева Азия чемпионатында тұңғыш рет жүлдегер атанды

Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық татами шебері Ғалия Тынбаева қола медаль жеңіп алды.Бұл оның Азия чемпионатында жеңіп алған алғашқы жүлдесі. 48 келі салмақта қола медаль үшін белдесуде қос қазақстандық балуанның жолы түйісті. Ғалия Тынбаева мен Әбиба Әбужақынова қола жүлдені өзара сарапқа салды. Нәтижесінде Тынбаева сәл басымдылықпен жеңіске жетті.

23 наурыз 2024 / Sport

Ғалия Тынбаева Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Ғалия Тынбаева Грузия астанасы Тбилисиде басталған дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы бәсекенің қола жүлдегері атанды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, спортшымыз жүлде жолында Миреиа Лапуерта Комастың (Испания) жауырынын жерге тигізді. Екінші қоланы Қытай спортшысы алды.