12 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Депутат: 18 жасқа тола сала, көпбалалылар тізімінен алынбасын
«Берілген мәртебе мәңгі қалсын». Депутат Гауһар Танашева үлкен баласы 18 жасқа тола сала, бірден көпбалалылар тізімінен сызылып тасталатын жанұялар жағдайын көтерді. Мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыдан да, басқа да мемлекет көмегінен бір-ақ сәтте қағылатын норманы «алып тастау керек» деп санайды мәжілісмен.