26 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Тазының аң аулау қабілетіне қандай ген жауап береді
Тазының аң аулау қабілетіне қандай ген жауап береді. Генетика және физиология институты тазы тұқымының генетикалық әртүрлілігі мен популяциялық құрылымын анықтау үшін институт ғалымдары зерттеу кезінде генетикалық маркерлердің екі түрін, микросателлиттер мен бір нуклеотидті нұсқаларды алғаш рет қолданған. Зерттеу қорытындысында тазы - ежелден келе жатқан әрі филогенетикалық тарихта берік орын алған тұқым екені анықталды. Ал оның қырағы аң аулау қабілетіне 18, 22 және 25 хромосомалар жауап береді.