Вчера, 19:55
/ Новости Казахстана
Мемлекеттік қызмет гибридті модельге көшеді
Биыл еліміздің ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 30 жыл толды. Бүгін осы мерейтойлық күнге орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: бүгіні мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оның мақсаты – мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адам ресурстарын басқаруға қатысты тың идеялар мен әдіс-тәсілдерді талқылау және тиімді практикалық шешімдерді іздеу,.