2 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Биыл 1 676 адам коронавируспен ауырды
Биыл елімізде 1 676 адам коронавируспен ауырды. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова айтты. Орталық референдум комиссиясы отырысындағы дерегінше, коронавирусқа шалдыққандардың арасында өлім-жітім тіркелген жоқ. Сонымен қатар өткен жылмен салыстырғанда науқастану деңгейі 7 есеге төмендеді. Ал қыркүйек айында еліміз бойынша 252 жағдай тіркелді. Бұл 2023 жылдың қыркүйегіндегі мәліметтен 2 есе аз.