26 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Рейтинг: Креатив нарығында Қазақстан 28 орында
Креативті индустриялар бойынша серпіліс жасаған Қазақстан әлемдік рейтингте 28 позицияға көтерілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Женевада (Швейцария) Global Innovation Index-2024 (GII) беделді әлемдік рейтингінің нәтижелері жарияланды. Сарапшылар білім, ғылым, бизнес, технология және инновация саласындағы жетістіктер — барлығы 80 көрсеткіш бойынша 130-дан астам елдің рейтингін жасады. «Қазақстанның креативті нарығында қарқынды даму серпіні байқалды. Ел „Креативті тауарлар мен қызметтер“ көрсеткіші бойынша 93-тен 65-орынға көтерілді.