11 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Алматы облысында күйдіргі жұқтырған адам саны артып барады
Алматы облысында күйдіргі жұқтырғандардың саны күннен күнге артып жатыр. Соңғы дерек бойынша, қауіпті дертке шалдықты деген күдікпен 16 адам ауруханаға түскен. 11-нің сынамасы оң нәтиже көрсетіпті. Денесін жара басқан науқастар қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Ұйғыр ауданындағы Үлкен Ақсу ауылы эпидемия ошағына айналған.