23 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Сайрамда 49 жастағы әйел күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 49 жастағы әйел күйеуін өлтірді деген күдікпен 2 айға қамауға алынды. Отасқандарына 30 жыл болған ер мен әйелдің төрт перзенті бар. Екі ұлы мен екі қызы да кәмелет жасына толған.