9 тамыз 2024
/ Мир
Венада Тейлор Свифттің концерті лаңкестік әрекет қаупіне байланысты тоқтатылды
Венада Тейлор Свифттің концерті лаңкестік әрекет қаупіне байланысты тоқтатылды. Екі күдікті қамауға алынды. «Бәрінің қауіпсіздігі үшін, жоспарланған үш концертті тоқтатудан басқа амалымыз жоқ», - деді шоуды ұйымдастырушы Barracuda Music мәлімдемесінде. Америкалық поп-жұлдыздың Венадағы Эрнст Хаппель стадионында үш концерті жоспарланған болатын. Оның біріншісі 8 тамызда. Әр шоуға 60 мыңға жуық билет сатылды. Ұйымдастырушы билеттің ақшасын он жұмыс күні ішінде қайтаруға уәде берді.