15 шілде 2024
/ Евразия
Өзбекстан жекеменшік университеттерді лицензиялауды тоқтатады
Өзбекстан жекеменшік университеттерді лицензиялауды тоқтату туралы шешім қабылдады. Жоғары білім, ғылым және инновация министрі қазір 67 жекеменшік ЖОО тексеруден өтіп жатқанын атап өтті. Өзбекстанның жоғары білім, ғылым және инновация министрі Қоңгратбай Шарипов елдегі жекеменшік университеттерге лицензия беру үдерісін уақытша тоқтатқанын хабарлады. Оның айтуынша, мәселе білім берудің талаптары мен сапасының сақталмауында болып отыр.